ru24.pro
World News in Kazakh
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24
25
26
27
28
29
30
31

Қазақстан құрамасы дзюдодан әлем чемпионатының тарихи алтынын жеңіп алды

0

Дзюдодан Қазақстан құрамасы өз тарихында тұңғыш рет Эквадорда өткен кадеттер арасындағы әлем чемпионатының командалық турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Tengri Sport.

Аралас командалық жарыстың финалында қазақстандықтар Бразилия құрамасынан 4:3 есебімен басым түсті. Шешуші белдесуде 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Иянат Жұбатқан жеңіс сыйлады.

Айта кетейік, турнир барысында Қазақстан құрамасы Болгария, Жапония және Өзбекстан командаларын қапы қалдырды.

Бұған дейін қазақстандық дзюдошылар ешбір жас санатында әлем чемпионатының командалық сайыстарында алтын алып көрмеген.

Қазақстандықтар - әлем чемпиондары: жеңімпаз құрам

Финалда Қазақстан құрамасы сапында Ғабит Расулхан (60 келіге дейін), Інжу Жұмадан (63 келіге дейін), Еркен Беқали (81 келіге дейін), Тоғжан Төлебай (63 келіден жоғары), Әділжан Жаудинов (81 келіден жоғары) және Иянат Жұбатқан (48 келіге дейін) өнер көрсетті.

Фото: Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF)

Жалпыкомандалық есептегі Қазақстан құрамасының салтанаты

Аралас командалық жарыстағы алтын бүкіл құрама үшін сәтті өткен турнирдің лайықты түйіні болды. 2026 жылғы кадеттер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 11 медаль - төрт алтын, үш күміс және төрт қола жеңіп алды.

Қазақстан Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, жасөспірім ұлдар командалық есепте бірінші орынды, ал қыздар екінші орынды иеленді.

Тоқаев әлем чемпионатында табысты өнер көрсеткен дзюдошыларды құттықтады