Дастан Сәтбаев “Бернлиге“ ауысуы, жоспары және көрсетіліп жатқан қолдау туралы айтты
Қазақстан футбол құрамасының вингері Дастан Сәтбаев лондондық "Челсиден" жалға алу шартымен ағылшынның "Бернли" клубына ауысқаннан кейін жаңа командасының баспасөз қызметіне алғашқы сұхбатын берді, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Қазақстандық футболшы жаңа командаға қалай бейімделіп жатқанын, бас бапкер Ники Хайенмен жұмысы, Чемпионшиптегі ойындар туралы айтып, "Бернли" сапындағы алғашқы матчінен не күтетінін бөлісті. Сондай-ақ, Сәтбаев Қазақстандағы жанкүйерлерге де үндеу жасады.
Оның айтуынша, жаңа клубтағы алғашқы күндері сәтті өтіп жатыр. Командадағы футболшылар оны жылы қабылдап, үнемі көмек көрсетуге дайын екенін білдірген.
"Олар үнемі бірдеңе керек пе деп сұрап жүреді. Осында келгеніме, осы клубтың бір бөлігі болғаныма қуаныштымын", - деді ол.
Сәтбаев өзімен шамалас уақытта "Бернлиге" ауысқан жас футболшылардың да көп көмектесіп жүргенін атап өтті.
"Жігіттермен үнемі жөн сұрасып тұрамыз, бір-бірімізге көмектесеміз. Оларға бірдеңе қажет болса, мен қол ұшын беремін, олар да маған солай көмектеседі. Егер бірнәрсені дұрыс істемей жатсам, жігіттер қай тұсын жақсарту керегін айтып, бағыт көрсететініне қатты қуанамын", - деді қазақстандық футболшы.
Сонымен қатар, ол команданың бас бапкері Ники Хайен туралы жылы пікір білдіріп, араларында жақсы түсіністік орнағанын айтты.
"Бапкер - өте жақсы адам... Ол да менің ауысқаныма қуанышты екенін айтты. Бапкерден мұндай сөз есту шынымен маңызды. Енді осы қарқыннан таймай, әрі қарай дамуым керек", - дейді ағылшын клубының жаңа ойыншысы.
Сәтбаев "Бернлиге" жалға берілуін мансабы үшін дұрыс қадам деп санайды. Оның айтуынша, Чемпионшипте өнер көрсету ағылшын футболына тезірек бейімделуге көмектеседі.
"Меніңше, бұл өте дұрыс әрі пайдалы шешім болды. Енді тоқтамай алға жылжып, бар күшімді салып жұмыс істеуім керек", - деп қосты ол.
Өзінің рекордтары туралы сөз қозғаған футболшы бұдан да биік нәтижелерге жете алатынын айтты.
"Менің мүмкіндігім мұнымен шектелмейді деп ойлаймын. Бұдан да жақсы ойнай аламын. Тек еңбектене беруім керек, бәлкім, алда тағы бірнеше жаңа рекорд орнатармын", - деді қазақстандық.
Жексенбіде "Бернли" "Вест Бромвич Альбионға" қарсы матч өткізеді. Бұл кездесуде Сәтбаев жаңа клуб сапында алғаш рет алаңға шығуы мүмкін.
"Осы сәтті асыға күтіп жүрмін. Меніңше, ең жақсы жаттығу - ойынның өзі. Барлық футболшы апта бойы осы матчке шығатын сәтті күтеді. Бәрі сәтті өтеді деп ойлаймын", - деді ол.
Сәтбаев "Бернли" жанкүйерлеріне үндеу жасап, команданың жеңісі үшін барын салатынын жеткізді. Сонымен қатар, Қазақстандағы жанкүйерлерге қолдауы үшін алғыс айтып, ел намысын Еуропа футболында абыроймен қорғағысы келетінін атап өтті.
"Осындай зор қолдау көрсетіп жатқандарыңызға рақмет. "Челсимен" маусым алдындағы дайындықта жүргенімде де әр ойында, әр жазбаға пікір қалдырып, мені қолдап отырды. Осындай керемет жанкүйерлерім барына қатты қуанамын. Мен оларды жақсы көремін, өйткені бұл - менің елім. Солар үшін біздің де Еуропа футболында жарқырай алатынымызды дәлелдеймін", - деп түйіндеді футболшы.
Бұған дейін ағылшындық "Бернлидің" бас бапкері Ники Хайен "Вест Бромвич Альбионмен" болатын матч қарсаңында қазақстандық Дастан Сәтбаевтың талантын жоғары бағалаған болатын.