ru24.pro
World News in Kazakh
Август
2026
1 2 3 4 5 6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Матч кезінде найзағай түсіп, 24 жастағы футболшы қаза тапты: видео

0

Таиландта футбол матчі кезінде найзағай түсіп, "Яла" клубының 24 жастағы ойыншысы Софван Аваэ қаза тапты, деп хабарлайды Tengri Sport.
Қайғылы оқиға 2026 жылғы 4 тамызда Сунгайколок қаласындағы (Таиланд) Сантипап стадионында Golok FA Cup аймақтық турнирі барысында болды. Матч күн күркіреп, жаңбыр жауып жатқан кезде өткен. Кенет алаңға найзағай түсіп, салдарынан бірнеше футболшы құлаған.
Жақында ғана "Яламен" келісімшартқа отырған Софван Аваэ ауыр жарақат алды. Командаластары оған алаңда алғашқы көмек көрсетпек болғанымен, ойыншыны аман алып қалу мүмкін болмады, ол ауруханада көз жұмды. Тағы оншақты адам, оның ішінде Малайзия азаматы күйік шалып, ауруханаға жатқызылды.
"Яла" клубы қаза тапқан футболшының отбасына көңіл айтты. Таиланд футбол қауымдастығы да Аваэнің туған-туыстарына қолдау білдіріп, мәлімдеме жасады.

Айта кетейік, футболшылардың найзағай түсуі салдарынан қаза табуы жиілеп кетті. Бұған дейін Малайзияда "Rembau Indian Veteran" және "Tanjung Minyak" командалары арасындағы жолдастық кездесу барысында жаңбыр жауған болатын. Кейін жауын күшейіп, күн күркіреген. Алаңға түскен найзағай 28 жастағы ойыншыға тиген.
Зардап шегушіні жеңіл көлікпен Алор-Гаджа ауруханасына жеткізген. Дәрігерлер бар күшін салғанына қарамастан, ол жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Матч төрешісі жедел жәрдеммен ауруханаға жатқызылды. Тағы бір зардап шегуші медициналық көмектен бас тартты, оның жағдайы қанағаттанарлық.

Жексенбі күні (5 шілде) кешке Алор-Гаджадағы Rakan Muda Lendu кешенінің алаңында өткен жолдастық кездесуде футболшыға найзағай түсіп, көз жұмды деп есептеледі, ал төреші жарақат алды.Сағат 17:40 шамасында болған оқиғада 28 жастағы зардап шегуші Р. Танеш… pic.twitter.com/h8iu9Jl1q1
— The Star (@staronline) 6 шілде, 2026 жыл
Бразилияда матч кезінде атыс болып, 15 жастағы футболшы қаза тапты
Футбол аңызы 66 жасында өмірден озды