ru24.pro
World News in Kazakh
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қазгидромет Алматы мен Атырау тұрғындарына ескерту жасады

0

"Қазгидромет" ресми сайтында Алматы мен Атырау тұрғындарына арналған ескерту жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақпарат бейсенбіге арналған ауа сапасы болжамына қатысты.

"16 шілдеде Алматыда, түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.", - делінген хабарламада.

Ауаның ластануы түріндегі қолайсыз метеожағдай - бұл атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлар (тымыш, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Синоптиктер болжамы бойынша, Алматыда күн райы құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 22-24 градус жылы, күндіз 36-38 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Атырауда күн райы құбылмалы болады, күндіз аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы түнде секундына 2-7, күндіз 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 23-25 градус жылы, күндіз 33-35 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы және Шымкентте алдағы үш күнде – 16, 17 және 18 шілдеде ауа райы қандай болатынын айтқан еді, толығырақ мына материалда.
Тағы оқыңыз: Астана мен Алматыда аптап салдарынан жедел жәрдем шақырушылар саны артқан