ru24.pro
World News in Kazakh
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Испания Бельгияны жеңіп, 2026 жылғы Әлем чемпионатының жарты финалына шықты

0
10-нан 11-ші шілдеге қараған түні Испания құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/4 финалында Бельгия командасын жеңді, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Еске салайық, бұған дейін плей-офф кезеңінде испандар Аустрияны ойсырата ұтып (3:0), Португалиядан басым түскен болатын.
Ал бельгиялықтар болса, Сенегалмен ойында камбэк жасап, жеңісті жұлып алды, кейін АҚШ құрамасын ірі есеппен жеңді.
Ойын барысы30-минутта испандар есеп ашты: Фабиан Руис қайтқан допты сәтті пайдаланып, нысанаға дөп тигізді.
Алайда 41-минутта жартылай қорғаушы Шарль де Кетеларе қапталдан асырылған допты голға айналдырып, таразы басын теңестірді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

433 (@433) жарияланымы


Матч аяқталуға жақын қалғанда, 88-минутта қорғаушы Пау Кубарси айып алаңының сыртынан соққы жасады. Бельгиялық қақпашы доптың бетін қайтарғанымен, оған бірінші жеткен жартылай қорғаушы Микель Мерино торды дәл көздеп, өз командасына жеңіс сыйлады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

433 (@433) жарияланымы


Матчтің қорытынды есебі — 2:1.
Осылайша, Испания құрамасы ӘЧ-2026 жарты финалына жолдама алды, онда олар Франция командасымен кездеседі.