ru24.pro
World News in Kazakh
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қазақстанда +45 градусқа дейінгі аптап сақталады

0

"Қазгидромет" синоптиктері 11, 12 және 13 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңбыр қай өңірлерде жауады?

Синоптиктер болжамы бойынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.Өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, елдің батыс өңірлерінде бұршақ жауып, екпінді желдің күшеюі күтіледі.

Ал елдің шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және орталық өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Аптап сақталады

Жаңбыр жауатынына қарамастан, Қазақстанның бүкіл аумағында аптап сақталады. Күндіз елдің басым бөлігінде ауа температурасы +33…+40 градус, ал оңтүстік пен оңтүстік-батыста +38…+45 градусқа дейін көтеріледі.Қазақстанда 2026 жылдың шілдесі қандай болады?

Бұған дейін "Қазгидромет" синоптиктері Қазақстанда шілдегі ауа райы қарама-қайшы болатынын хабарлаған еді: ыстық күндер нөсер жауын, найзағай, екпінді жел және шаңды дауылмен алмасып тұрады. Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы кей күндері +45 градусқа дейін жетуі мүмкін. Толығырақ мына жерден оқыңыз.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 2026 жылдың жазы қандай болады: синоптиктер болжамы.