ru24.pro
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Тоқаев неге Заң мен Тәртіп туралы жиі айтатынын түсіндірді

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев реформаларды жүзеге асыру үшін заң мен қоғамдық тәртіпті бұлжытпай сақтаудың маңызы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен неліктен Заң мен тәртіп қағидатын міндетті түрде іске асыру туралы жиі айтамын? Себебі заңдар мен қоғамдық тәртіп қатаң сақталмаса, елімізде ешқандай реформа ойдағыдай жүзеге аспайды. Өйткені бұл – өмірдің саяси заңы. Ел ішін тұрақсыздық жайлаған, билік институттары орынсыз, жөнсіз сын мен шабуылға ұшыраған мемлекеттерде ешқандай ілгерілеу болмайды", – деді Президент.

Сонымен қатар, Тоқаев елдегі қоғамдық өмір дұрыс табиғи жолмен, яғни, эволюциялық жолмен даму керегін айтты.

"Сол себепті 2022 жылдың өзінде Конституцияға Президентті жеті жылдық мерзіммен бір рет қана сайлау туралы ереже енгізілді. Президенттің жақын туыстарына мемлекеттік қызметте, сондай-ақ ұлттық компанияларда лауазымды қызмет атқаруға тыйым салынды. Ал жаңа Ата Заңға конституциялық және құқық қорғау органдарының басшыларын бір мерзімге сайлау туралы ереже енгізілді. Біз білетін елдердің конституциясында дәл осындай ережелер жоқ деп айтуға болады. Мен жаңа консультативтік орган ретінде құрылатын Халық кеңесіне үлкен үміт артамын. Бұл құрылым қоғамдық-саяси өмірге қатысты аса өзекті мәселелерді талқылайды, сондай-ақ, Құрылтайға заң жобаларын ұсынады, яғни Халық кеңесі заң шығару бастамасын көтеру құқығына ие болады", – деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!