ru24.pro
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

«Ой шебері» зияткерлік ойыны: Ербол Қарашөкеев ІІ маусым финалистерімен кездесті

0

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев екінші рет ұйымдастырылған «Ой шебері» өңірлік зияткерлік ойынының финалистерімен кездесті.

Кездесуге білім бәйгесінде топ жарған 130-дан астам оқушы мен олардың жетекшілері қатысты.

Өңір басшысы өз сөзінде білімнің маңыздылығына ерекше тоқталды:

– Білімді ұрпақ – елдің ең үлкен байлығы. Қазба байлық та, технология да, өркендеу де түптеп келгенде білімге сүйенеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, озық ойлы ұлт болудың төте жолы – кітап оқу. Осы тұрғыда «Ой шебері» зияткерлік ойыны балаларды шыңдап, ізденіске жетелеп, олардың тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.

Сондай-ақ, аталған жоба арқылы мектеп оқушылары қазақ әдебиетінің асыл қазыналарымен танысып, ұлттық болмыс пен елдік рухты терең түсіне түскені атап өтілді.

– Жастар – елдің тірегі, болашақтың иесі. Тәуелсіздігімізді нығайтып, әділетті қоғам құруға бағытталған бастамалардың өміршеңдігі – өскелең ұрпақтың қолында.

Біз терең білімді адал еңбекпен ұштастыра алатын, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуді басты басымдық ретінде белгілеп, бұл бағыттағы жүйелі жұмыстарды жалғастыра береміз, – деді өңір басшысы.

Айта кетейік, 2025 жылы «Ой шебері» зияткерлік ойыны аясында 10 мыңға жуық бала 160-тан астам көркем шығарманы оқыды. Биыл 378 команда білім бәйгесіне қатысып, үздіктері финалға жолдама алды.

Сообщение «Ой шебері» зияткерлік ойыны: Ербол Қарашөкеев ІІ маусым финалистерімен кездесті появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.