ru24.pro
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қазақстанда 23 градусқа дейін күн жылынады

0

"Қазгидромет" синоптиктері 19, 20 және 21 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстанда көктем
Болжамға сәйкес, алдағы үш күнде антициклон қазақстандықтарды жайлы көктемгі ауа райымен қуантады. Қазақстанның басым бөлігінде ашық әрі жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, бұл алдағы уақытта ауа температурасының көтерілуіне оң әсерін тигізеді.

"Тек кей күндері еліміздің солтүстігінде, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, жел күшейеді деп күтіледі. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады", - деді синоптиктер.

Ауа температурасы көрсеткіштері
Күндіз ауа температурасы Қазақстанның батысында 10-20 градусқа дейін, солтүстігі мен орталығында 5-17 градусқа дейін, оңтүстігінде 15-23 градусқа дейін жылынады.
Наурызда Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Синоптиктер болжамынша, 2026 жылдың наурызы Қазақстанда жылы болады және елдің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан көп түседі.
Ауа райы тұрақсыз болады деп күтіледі: солтүстікте - қар жауып, боран соғады, оңтүстік пен батыста - жаңбыр мен жылбысқы қар жауады. Температура жалпы алғанда климаттық нормадан шамамен 1 градусқа жоғары болады, сонымен қатар суық күндер де болуы мүмкін.