ru24.pro
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Алматыда ірі өрт сөндіріліп жатыр

0

Алматыда автосервисте өрт шықты. Өртсөндірушілер жалынды оқшаулаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ТЖМ күштері мен құралдары Бостандық ауданы, Нұр-Алатау ықшамауданы, Болтирикова көшесіне жоғары дәрежелі шақыру бойынша жіберілген.

"Бірінші бөлімшелер келгеннен кейін автосервис үй-жайлары жанып жатқаны анықталды. Өртсөндірушілердің үйлесімді және тез әрекет етуінің арқасында көрші тұрғын ғимаратқа өрттің таралу қаупі жойылды. Автоцистерналар өрт сөндіру гидрантына қосылған, үздіксіз су беру қамтамасыз етілген", - делінген хабарламада.

Жедел штаб ұйымдастырылып, өрт сөндіру үшін бірнеше учаскі құрылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!