Атырау облысындағы отбасының өлімі: күдіктіге тағы бір айып тағылды
Атырау облысының Жангелдин ауылында отбасын қатыгездікпен өлтірді деген күдіктіге тағы бір бап бойынша айып тағылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не болды?ІІМ баспасөз қызметі редакцияның ресми сауалына берген жауабында күдікті Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады:
99-баптың 2-бөлігі – "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру";188-баптың 2-бөлігі – "Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған ұрлық".
"Атырау облысы Полиция департаменті бірнеше кісіні өлтіру және олардың мүлкін жымқыру деректері бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қылмыстық іс бойынша күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды", - деп хабарлады ІІМ.
Ведомство сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатқанын хабарлады, алайда ресми жауапта күдіктінің жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның әрекетіне құқықтық баға беру туралы айтылмаған.
Атырау облысындағы қанды қылмыс2025 жылғы 25 желтоқсанда полицияға Атырау облысының Жангелдин ауылында отбасы жоғалып кеткен туралы туыстары хабарлаған. Құқық қорғау органдары мәліметінше, жергілікті тұрғын өзінің ағасы, оның жұбайы және екі ересек баласы қарашадан бері байланысқа шықпай жүргенін айтқан.
Кейін отбасы үйінен шығып кеткені, содан бері олардың қайда екені туралы ешқандай ақпарат болмағаны белгілі болды.
Фото: полицияның баспасөз қызметі
Төрт адам іздестірілді:
66 жастағы Мақсот Қарабалин;64 жастағы Нәсіп Өтешқалиева;35 жастағы қызы Мирамгүл Қарабалина;32 жастағы ұлы Наурыз Мұқанғалиев.
6 қаңтарда полицейлер зейнеткер ерлі-зайыптының мәйітін тапты. Осыдан кейін құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. Жангелдин ауылында қайтыс болған ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті - Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны, отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиев.
Күдіктіні іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелді. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысының Полиция департаменті жүргізді.24 ақпанда ҚР ІІМ Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні Индонезияда ұстағаны белгілі болды. Сондай-ақ, марқұмдардың қызы да күдікті ретінде танылды.9 наурыз кешке Атырау маңындағы Геолог шағынауданынан Наурыз бен Мирамгүлдің мәйіті табылғаны белгілі болды. Оларды басты күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев бұрын жалға алған үйдің ауласынан тапқан.11 наурызда Атырау облысында ұзақ іздеу жұмыстарынан кейін мәйіттері табылған Наурыз бен Мирамгүл Мұқанғалиевтерді жерлеу рәсімі өтті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!