ШҚО-да бес қабатты үйдің тұтас бір кіреберісі 25 жыл бойы бос тұр
Шығыс Қазақстанның Алтай қаласында бес қабатты үйдің тұтас бір кіреберісі ширек ғасырдан бері бос тұр. Қаңырап қалған пәтерлер жасөспірімдер мен түрлі топтар жиналатын орнына айналған. Бұл туралы 24.kz телеарнасының сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Үй тұрғыны Вера Шатравконың айтуынша, жұрт "бір жамандық болмасын" деп үнемі қауіптеніп отырады. Оның сөзінше, бос пәтерлердің бірінен ер адамның мәйіті де табылған. Тұрғындар жергілікті биліктің бұл мәселені шешкенін күтуден шаршаған.
"Жыл сайын бұл жерді қалпына келтіріледі деп үміттенеміз. Алдымен барлық терезені картонмен жауып тастады, оны балалар бүлдіріп кетті. Мамандар келіп, жөндеу жүргізеді деді. Соңында бұл жерден мәйіт шықты. Тағы да әкімді шақырттық. Олар үйдің осы бөлігін, яғни үштен бірін бұзатынын айтты. Бірақ бұған қарсы шықтық, өйткені үй қисайып кетуі мүмкін", - дейді Вера Шатравко.
Қаңыраған кіреберіс бүкіл үйдің жағдайына кері әсерін тигізіп тұр. Көрші пәтерлердің қабырғаларын қырау басады, ал ортақ жертөлені әр көктем сайын су алады. Судың кесірінен жылу құбырлары да шіріп жатыр.
"Мен бүкіл үй үшін алаңдаймын. Жертөле ортақ, жылу жүйесі де сол жақтан келеді, яғни айналым жасап тұр. Су басқанда маусымға дейін жертөледе тізеден келетін су тұрады. Ал жылу құбырлары судың астында қалады. Соның салдарынан бәрі тот басып жатыр", - дейді үйге қарайтын Вячеслав Гордеев.
Тұрғындар суды өздері сорғытып, қарды да өз күштерімен тазалайды. Бірақ бәріне үлгеру қиындап барады. Иесіз қалған кіреберісте 22 пәтер бар. Бұл нысан ұзаққа созылған сот процестерінен кейін, осыдан он жылдай бұрын иесіз деп танылып, коммуналдық меншікке өткен. Алайда оны жөндеуге бюджеттен қаражат бөлінбеген. Сонымен қатар, Алтай ауданында 1300-ден аса адам баспана кезегінде тұр. Енді ғана мәселенің шешімі көріне бастады.
"Бүгінде ТҮКШ бөліміне жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге бес миллион теңге бөлінді. Конкурс процедуралары аяқталып, жобалаушылар жұмысқа кірісті. Жобаны іске асыру құны қанша болатынын қазір айту қиын. Бірақ келесі жылы бұл кіреберісті кезекте тұрғандарға пәтер ретінде беру үшін қалпына келтіру жұмыстары басталады деп ойлаймын", - деді Алтай әкімі Сергей Охременко.
Бұл пәтерлер жақын маңда салынып жатқан жаңа өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне берілуі де мүмкін. Ал тұрғындар үшін ең бастысы - ширек ғасыр бойы бос тұрған кіреберістің бүкіл үйге зардабын тигізуі тоқтаса болғаны.