ru24.pro
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Отбасылық жанжал: Рахат Тұрлыханов қылмыстық бап бойынша жазалануы мүмкін

0

Бұрынғы әнші Рахат Тұрлыханов отбасындағы жанжалға байланысты қылмыстық бап бойынша жазалануы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Не болған?
15 наурызда Рахат Тұрлыханов жұбайын соққыға жықты деген күдікпен ұсталды. Келесі күні, 16 наурызда, бұрынғы әншінің ісі Алматы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.
Хаттамаға сәйкес, ол үйінде әйелімен жанжалдасып, балағат сөздер айтқан, сондай-ақ айғай-шу шығарып, үйдің тыныштығын бұзған.
Сот процесінде айыпталушының әйелі күйеуі оны ұрмағанын және балағаттамағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, олар тек ажырасу мәселесіне байланысты сөзге келіп қалған. Тұрлыхановтың өзі де араларында кикілжің болғанын растады, бірақ күш қолданбағанын айтты.
Қылмыстық бап бойынша тексеру
Тараптардың уәжін тыңдаған сот ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша істі тоқтатты, бірақ іс материалдарын одан әрі тексеру үшін Медеу ауданының прокурорына жолдады.

"Сот шешімі бойынша, іс материалдары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 742-бабына сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық белгілерінің бар-жоғын тексеру үшін прокурорға және соталды тергеу органына жіберілді, бұл ретте жәбірленушінің дене жарақатын келтіру туралы құқық қорғау органдарына хабарлаған алғашқы арызы ескерілді", - деп мәлімдеді сот.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың қаңтарында Рахат Тұрлыханов жұбайын соққыға жыққаны үшін сот алдында жауап берген болатын. Ол кінәсін мойындап, әйелі татуласқандарын айтқан еді, алайда құқықбұзушылықтың қайталануын ескере отырып, сот оған 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындаған.
Кейінірек ерлі-зайыпты бейнеүндеу жариялап, онда әйелі отбасында бәрі жақсы екеніне сендірді. БАҚ өкілдері бұл бір жыл ішіндегі осындай екінші заңбұзушылық екенін атап өткен еді.