ru24.pro
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Таиландта қазақстандық боксшылар алтын үшін жұдырықтасады

0

15 наурыз, жексенбі күні Қазақстан ұлттық құрамасының сегіз боксшысы Бангкокта өтіп жатқан "Болашақ кубогы" турнирінде ақтық жекпе-жектер өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Қазақстан құрамасы әйелдер арасындағы жарыста екі боксшымен, ал ерлер арасында алты спортшымен ұсынылған. Қазақстандық спортшылардың төрт кездесуі Өзбекстан боксшыларымен өтеді.

Алтын медаль үшін бір жекпе-жекте қазақстандық боксшы Таиланд өкілімен, ал басқа кездесулерде Италия, Қырғызстан және Грузия спортшыларымен кездеседі.

Күндізгі сессия. 9:005-жұп. Әйелдер, 80 кг. Ринг AАйдана Убайдуллақызы - Асалой Бахтиёрова (Өзбекстан);8-жұп. Ерлер, 60 кг. Ринг AДосжан Жұмақан - Сива Чайнаронг (Таиланд);9-жұп. Ерлер, 75 кг. Ринг AХамза Мақсатұлы - Сухроб Рахматуллаев (Өзбекстан);10-жұп. Ерлер, 90 кг. Ринг AЖалғас Өтебеков - Асадбек Сұлтанбоев (Өзбекстан).

Кешкі сессия. 13:304-жұп. Әйелдер, 70 кг. Ринг AКамила Оспанова - Сара Скоррано (Италия);7-жұп. Ерлер, 70 кг. Ринг AБейбарыс Әшірбай - Ахмади Арваз (Қырғызстан);8-жұп. Ерлер, 80 кг. Ринг AТимур Тайбеков - Давит Мхитцадзе (Грузия);10-жұп. Ерлер, +90 кг. Ринг AВладислав Саможонов - Ислам Салихов (Өзбекстан).

Бұған дейін қазақстандық боксшылар Жалғас Өтебеков, Досжан Жұмақан, Бейбарыс Әшірбай, Камила Оспанова және Айдана Убайдуллақызы жартылай финалда қарсыластарын жеңіп, финалға жолдама алған болатын.

Кейін оларға Хамза Мақсатұлы мен Тимур Тайбеков қосылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!