ru24.pro
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды референдумда дауыс берді

0

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жаңа Конституцияға байланысты референдумда дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімі жаңа Конституция жобасы бойынша өткізілген республикалық референдумда дауыс берді.

Қалада дауыс беруді ұйымдастыру үшін таңғы 7:00-ден бастап барлығы 653 референдум учаскесі ашылды. Олар белгіленген тәртіпке сәйкес жұмыс істеп жатыр.

Бұған дейін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Оқушылар сарайында орналасқан учаскелердің бірінде дауыс берген еді.

Орталық референдум комиссиясында дауыс берудің басталғаны туралы мәлімдеді.

Дауыс беру учаскелері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Олар жабылғаннан кейін бюллетеньдер саналады. Кейбір учаскелер (негізінен әскери бөлімдерде) сағат 06:00-де ертерек ашылды. Шетелде дауыс беру Жапония мен Оңтүстік Кореяда жергілікті уақыт бойынша жүргізіліп жатыр.

Референдум бюллетенінде "Сіз 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген бір ғана сұрақ болады.

Қазақстан азаматтары "Иә, қабылдаймын" немесе "Жоқ, қабылдамаймын" деп дауыс береді.

Дауыс беру құқығына 18 жасқа толған және дауыс берушілер тізіміне енгізілген Қазақстан азаматтары ие.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!