ru24.pro
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Атырау облысында жұмбақ жағдайда жоғалған отбасы: қылмыс алдын ала жоспарланған

0

Жангелдин ауылында бір отбасының жұмбақ жағдайда жоғалуына қатысты іс бойынша жаңа деректер пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ерлі-зайыптының өлімі
Редакцияның ресми сауалына берген жауапта, полиция Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның бұрынғы әйелі Ақбаянның ұсталғанын растады.

"Қазақстан ІІМ қызметкерлері шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл нәтижесінде Индонезиядағы Ломбок аралындағы Сенару ауылында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген ер адамды ұстады. Ол Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша күдікке алынған. Онымен бірге бұрын хабар-ошарсыз кетті деп танылып, халықаралық іздеу жарияланған бұрынғы жұбайы да анықталды", – делінген полицияның ресми жауабында.

Полиция ерлі-зайыпты Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның өліміне қатысты мән-жайды да хабарлады. Тергеу деректеріне сәйкес, екі зейнеткер 2025 жылғы қарашада өлтірілген, алайда олардың мәйіті тек 2026 жылдың 6 қаңтарында табылған.

"2025 жылғы қарашада Атырау облысында күдікті қасақана, пайдакүнемдік мақсатта және ұзақ уақытқа созылған тұрмыстық жанжалдар салдарынан алдын ала жоспарлап, екі адамды өлтірген. Ол қылмысты жасағаннан кейін ізін жасыру мақсатында мәйіттерді шаруашылық мақсатта салынған сарайдың астына көміп, қан іздерін сүртіп, сондай-ақ жәбірленушілердің мүлкі мен ақшасын иемденген", – деп хабарлады полиция.

Полицияның баспасөз қызметі отбасының кенже қызы Ақбаянға қандай айып тағылғанын нақтылаған жоқ.
Ақбаянның ағасы мен әпкесінің мәйіті қайдан табылды?
9 наурызда кешке Ақбаянның ағасы мен әпкесі - Наурыз бен Мейрамгүлдің мәйіттері Атырау маңындағы Геолог шағын ауданынан табылғаны белгілі болды. БАҚ мәліметінше, оларды бұған дейін отбасының күйеу баласы әрі басты күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев жалға алып тұрған үйдің ауласынан тапқан.
"Ақ Жайық" басылымы мәліметінше, ер адам Индонезиядан Алматыға жеткізілгеннен кейін кісі өлтіргенін мойындап, мәйіттерді жерленген орнды көрсеткен. Бұған дейін тергеуде тек ата-анасының өлтірілгені туралы дерек болған. Енді іздеуде болған барлық адамның мәйіті табылды. Бұл ақпаратты отбасының туыстары растады.
Сараптама және жерлеу
Қаза тапқандардың туысы Әсилә Мұқанғалиеваның айтуынша, қазіргі уақытта Наурыз бен Мейрамгүлдің мәйіттері мәйітханада, онда қажетті сараптамалар жүргізіліп жатыр.

"Қазір сот-медициналық сараптама өтіп жатыр. Егер бүгін кешке мәйіттерді бізге берсе, ертең жерлеу рәсімі өтеді. Оқиға орнында туыстар бар, біз жаңалық күтіп отырмыз", – деді ол.

Ақбаян мен Сұлтанның балалары қайда?
3 ақпанда күдікті ер адамның бес кәмелетке толмаған баласы уақытша мемлекеттік қорғауға алынғаны белгілі болды.
Атырау облыстық Білім басқармасы 2 ақпанда әкімдікке полициядан шұғыл шаралар қабылдау туралы хат түскенін хабарлады. Құжатта күдіктінің бес баласын уақытша қауіпсіз жерге орналастыру қажеттігі көрсетілген.

"Махамбет аудандық кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы үш баланы Атырау облысы білім басқармасының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына уақытша орналастырды, ал жасы 3 және 1 жастағы екі сәбиді мамандандырылған балалар үйіне орналастырды", – деп хабарлаған еді ведомство.

Басқарманың баспасөз қызметі балалардың жағдайы тұрақты бақылауда екенін атап өтті.
Бүгін, 10 наурызда Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметі балалардың әлі де мемлекеттік қорғауда екенін нақтылады.

"Тергеу амалдарының жүргізілуіне байланысты балалардың әрі қарайғы тағдыры туралы мәліметтер жариялауға жатпайды", -деп хабарлады ведомство.

Отбасы туралы не белгілі?
66 жастағы Мақсот Қарабалин мен 64 жастағы жұбайы Атырау облысының Жангелдин ауылында тұрған. Туыстарының айтуынша, ерлі-зайыптының үшінші топтағы мүгедектігі болған және мал шаруашылығымен айналысқан. Олардың үш баласы бар - екі қызы мен бір ұлы.
2025 жылдың 25 желтоқсанында полицияға туыстары отбасы жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Құқық қорғау органдары мәліметінше, жергілікті тұрғын өзінің ағасы, оның жұбайы және екі ересек баласы, яғни 32 жастағы ұлы Наурыз бен 35 жастағы қызы Мейрамгүл қарашадан бері байланысқа шықпай жүргенін айтқан.
Кейін отбасы үйінен шығып кеткені, содан бері олардың қайда екені туралы ешқандай ақпарат болмағаны белгілі болды.
6 қаңтарда полицейлер зейнеткер ерлі-зайыптының мәйітін тапты. Осыдан кейін құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!