ru24.pro
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Атырау облысындағы отбасының жантүршігерлік өлімі: ІІМ видео жариялады

0
Атырау облысындағы Жангелдин ауылында жоғалған отбасыға қатысты қылмыс ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2025 жылы желтоқсанда полицияға 66 жастағы ер адам, 64 жастағы әйел, сондай-ақ, олардың балалары, яғни 32 жастағы ұлы мен 35 жастағы қызы хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарлама түскен.
Туыстарының айтуынша, отбасы қарашадан бері байланысқа шықпаған. Төртеуі де жоғалып кеткен адамдар ретінде іздеу жарияланған. Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталып, жедел-тергеу тобы құрылған.

"Былтыр желтоқсанның аяғында Атырау қаласының тұрғыны полицияға хабарласып, ағасы мен оның отбасы ұзақ уақыт бойы байланысқа шықпай жүргенін айтты. Жүргізілген жедел тергеу іс-шаралары нәтижесінде өлтірілген адамдардың мәйіттері әртүрлі жерлерден көмілген күйде табылды", - деді ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

6 қаңтарда тергеу барысында сарайдың ішінен ерлі-зайыптының сүйегі табылды. Осыдан кейін іс адам өлтіру дерегі бойынша қайта сараланып, балаларды іздестіру жұмыстары жалғасты. Қылмыс жасады деген күдікпен 29 жастағы ер адамға, яғни осы отбасының бұрынғы күйеу баласына халықаралық іздеу жарияланды. Онымен бірге ерлі-зайыптының кіші қызына да халықаралық іздеу жарияланды. Бұрын ол күдіктімен некеде тұрған.

"Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Индонезия Республикасындағы әріптестерімен бірлесіп, осы елдің аралдарының бірінде Атырау облысындағы қылмысқа қатысты күдіктіні ұстады. Қазір ол Қазақстанға депортацияланып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Күдікті Индонезияда ұсталған. Онымен бірге отбасының кіші қызы да анықталған. Ұсталғаннан кейін ер адам кінәсін мойындаған. Оның көрсетуімен жедел тергеу тобы қосымша тергеу жүргізді. Атыраудағы үй ауласын тексеру барысында бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен ұл мен қыздың мәйіттері табылған.

"Қылмысқа ұзақ уақытқа созылған тұрмыстық жанжал себеп болған. Тергеу екі және одан да көп адамды өлтіру бабы бойынша жүргізіліп жатыр, бұл іс министрліктің бақылауында", - деді Қанат Нұрмағамбетов.

Қазір тергеу жалғасып жатыр және ерекше бақылауда. Сондай-ақ, отбасының кіші қызының бұл іске қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

"Психикалық жағдайын анықтау мақсатында ол сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға жіберілді", - деді ІІМ өкілдері.


Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!