ru24.pro
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Атырау облысында жоғалған отбасы: тағы екі адам өлі табылды

0

Атырау облысында жоғалған отбасының ұл-қызы да өлі табылды,, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, қала маңындағы Геолог шағынауданынан Жангелдин ауылының жоғалған тұрғындары - Наурыз және Мейрамгүл өлі табылған.

"Олар бұрын күдікті Сұлтан Сарсемалиев әйелімен бірге жалдап тұрған үй ауласынан табылды. Кеше Сұлтан мен оның әйелі Ақбаян Алматыға жеткізілді. Алматыда Сұлтан Сәрсемалиев Наурыз бен Мейрамгүлді өлтіргенін мойындап, бұған дейін Геолог шағынауданында жалдап тұрған үйдің ауласына мәйіттерді көмгенін айтқан", - деп жазылған басылым дерегінде.

Осы ақпаратты алғаннан кейін Атырауда тергеушілер айтылған учаскені тағы да зерттеп, олардың денесін тапқан. Ал Атырау облысы Полиция департаменті ақпарат кейінірек берілетінін мәлімдеді.
Отбасы туралы не белгілі?
66 жастағы Мақсот Қарабалин мен 64 жастағы жұбайы Атырау облысының Жангелдин ауылында тұрған. Туыстарының айтуынша, ерлі-зайыптының үшінші топтағы мүгедектігі болған және мал шаруашылығымен айналысқан. Олардың үш баласы бар - екі қызы мен бір ұлы.
2025 жылдың 25 желтоқсанында полицияға туыстары отбасы жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Құқық қорғау органдары мәліметінше, жергілікті тұрғын өзінің ағасы, оның жұбайы және екі ересек баласы, яғни 32 жастағы ұлы Наурыз бен 35 жастағы қызы Мейрамгүл қарашадан бері байланысқа шықпай жүргенін айтқан.
Кейін отбасы үйінен шығып кеткені, содан бері олардың қайда екені туралы ешқандай ақпарат болмағаны белгілі болды.
6 қаңтарда полицейлер зейнеткер ерлі-зайыптының мәйітін тапты. Осыдан кейін құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!