ru24.pro
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

НАТО Түркия әуесінде баллистикалық ракетаны атып түсіргенін мәлімдеді

0

НАТО Түркия әуесіне кірген баллистикалық ракетаны атып түсіргенін мәлімдеді. Бұл – АҚШ пен Израиль Иранға шабуыл бастағалы Түркияға бағыттталған екінші ракета.

"НАТО тағы да Түркияға келе жатқан ракетаны атып түсірді. НАТО өзінің мүшелерін кез келген қауіптен қорғауға дайын" деп мәлімдеді альянс 9 наурызда.

Түркия қорғаныс министрлігі жағдайды растап, ракетаның сынықтары Сириямен шекараға жақын Газиантеп қаласындағы бос далаға құлады деп мәлімдеді. Түркия тарабы қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ дейді.

Бес күн бұрын НАТО Ираннан Түркияға ұшқан ракетаны құлатқан еді. Тегеран 9 наурыздағы жағдайға қатысты әзірге мәлімдеме жасамады. Ал бұған дейін Иран "Түркияны әдейілеп атпағанын" айтқан.

Бұған қоса, АҚШ мемлекеттік департаменті Түркияның Адана қаласындағы АҚШ консулдығының кейбір қызметкерлері мен отбасыларын кетуді сұрады. Департамент Түркияның оңтүстік-шығысында жүрген америкалықтарды да аймақтан кетуге шақырды.