ru24.pro
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Тегеранда халықаралық әуежай өртеніп жатыр

0

Иран астанасында Израиль мен АҚШ-тың әуе соққыларынан кейін Мехрабад халықаралық әуежайы өртеніп жатыр. Шабуыл салдары БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тегеранның батыс бөлігінде қатты жарылыстар болған.
Куәгерлер бірнеше ірі өрт шыққанын, соның ішінде Мехрабад әуежайы маңында да өрт болғанын айтып жатыр.
Мехрабад халықаралық әуежайы - Ирандағы ең көне әрі тарихи маңызы зор әуежайлардың бірі. 2000-жылдардың басына дейін Мехрабад Иранның басты халықаралық әуежайы болды. Халықаралық рейстердің басым бөлігі осы әуежай арқылы жүзеге асырылатын. Алайда жолаушылар ағынының артуына байланысты билік жаңа әуежай салу туралы шешім қабылдады. 2004 жылдан бастап халықаралық рейстердің көпшілігі Тегераннан оңтүстікке қарай шамамен 30–40 шақырым жерде орналасқан Имам Хомейни атындағы халықаралық әуежайға көшірілді.

Иран Израильге де соққы жасап жатыр. Ислам революциясы сақшылары корпусы шабуылдардың жаңа толқыны басталғанын мәлімдеді.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатаң шарттар қойған болатын. Атап айтқанда, Трамп Иранмен қандай да бір келісім тек оның "сөзсіз тізе бүгуі" жағдайында мүмкін екенін мәлімдеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!