ru24.pro
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

АҚШ-та бірнеше үміткер бар: Трамп Иранның болашағы туралы мәлімдеме жасады

0

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран басшылығы толық өзгеруін қолдайтынын және Вашингтонда "жақсы көшбасшы" рөліне лайық бірнеше үміткер бар екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Барып бәрін тазартқымыз келеді... Оларда жақсы көшбасшы болғанын қалаймыз. Бізде бұл жұмысты жақсы орындайтын бірнеше адам бар", - деді Дональд Трамп NBC News-ке берген сұхбатында.

Алайда бұл жолы да Дональд Трамп үміткерлер нақты кім екенін атаудан бас тартты.

Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастады. Тель-Авив соққының мақсаты Тегеран ядролық қару алуына жол бермеу екенін мәлімдеді. АҚШ президенті Дональд Трамп та Иран флоты мен қорғаныс өнеркәсібін жоюға ниет білдірді.
Жексенбіге қараған түні Иранның жоғары көсемі Әли Хаменеи қайтыс болғаны жарияланды.
Тегеран жауап ретінде Израиль аумағына, сондай-ақ, Таяу Шығыстағы Америка базаларына шабуыл жасады.
Кейінірек АҚШ президенті Дональд Трамп Иран басшысы рөліне үш үміткері бар екенін айтты.
Сонымен қатар, БАҚ-та Әли Хаменеидің ұлы Моджтаба Хаменеи Иранның жаңа жоғары көсемі болып тағайындалғаны туралы ақпарат тарады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!