ru24.pro
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Алматыда қауіпті ауа райы: ТЖД маңызды ескерту жасады

0

Алматы Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарына маңызды ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, 5 наурызда Алматыда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15 метр болады.

"5 наурызда Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында қатты қар жауып, оңтүстік-шығыстан соғатын қатты жел екпіні секундына 18–23 метрге дейін жетеді, күндіз кей уақытта 28 м/с дейін жетуі мүмкін!
Алматы ТЖД автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерді көктайғақ кезінде ерекше мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Таулы аймақтарға бармау сұралады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!