ru24.pro
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қазақстанда жолдарға 4,6 триллион теңге жұмсалмақ

0

Қазақстанда алдағы үш жыл ішінде 4,6 триллион теңгеге жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, 2029 жылға дейін 10 мың шақырым автожолға орташа жөндеу жүргізілмек. Ол бүгінде 5 мың шақырым аяқталғанын айтты. 2029 жылға дейін тағы 5 мың шақырым жөнделеді.

"Автожол жобаларын жүзеге асыру үшін елімізде негізгі құрылыс материалы бар. Бұл құрылысты толық қамтамасыз етуге және жұмыс сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Инертті материалдар шектеулі өңірлерде ірі өндіріс орындарының техногендік минералдық қалдықтары (ТМҚ) пайдаланылады", - деді көлік министрі Нұрлан Сауранбаев.

Министр алдағы үш жылда салада жалпы ұзындығы 3,25 мың шақырым, қаржыландыру көлемі 4,6 триллион теңге болатын жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отырғанын айтты. Оларды жүзеге асыру транзиттік әлеуетті едәуір арттыруға және тікелей экономикалық тиімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!