ru24.pro
World News in Kazakh
Март
2026
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Тоқаев араб елдерінің басшыларына қолдау білдірді

0

Қазақстан президенті Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Сауд Арабиясы, Қатар, Бахрейн және Кувейт мемлекеттерінің басшыларына осынау қиын-қыстау кезеңде шынайы қолдауы мен тілектестігін білдіріп, хат жолдады. 1 наурызға қараған түні Ақорда таратқан хабарламада осылай деп айтылады.

Онда Тоқаевтың “достас әрі бауырлас елдердің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған барлық әскери әрекетті батыл айыптайтыны” жазылған.

“Қазақстан халықаралық күрделі проблемалар мен қарулы қақтығыстардың бәрін тек дипломатиялық жолмен шешуді ұдайы жақтайды” деп жазылған хатта.

Ақорданың жазуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан бауырлас араб мемлекеттеріне қал-қадерінше көмек көрсетуге дайын екенін айтып, аталған елдердің басшыларымен тұрақты қызметтік қарым-қатынас жалғасатынына үміттенетінін жеткізген.
Бір күн бұрын АҚШ пен Израиль Иранға соққы жасаған. Ізінше Тегеранның да қарымта жауап қайтарып, АҚШ-тың Парсы шығынағындағы базалары мен Израильді соққылағаны белгілі болды. Бұған қоса, Иранның БАӘ астанасы Абу-Дабиге шабуылдағаны, Дубайға дронмен соққы жасағаны хабарланған.
Тоқаев бір күн бұрын Таяу Шығыста жағдайдың ушығуына байланысты Қауіпсіздік кеңесіне шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырған еді.
“Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке күштік құрылымдар мен салалық министрліктердің жетекшілерімен бірге Ирандағы ахуалдың ушығуына және еліміздегі тұрақтылыққа қатер төндіру ықтималдығына байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды” деп жазылған Ақорда хабарламасында.
Қазақстан СІМ Иранда зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ екенін, қазіргі кезде ол жақта 96 қазақстандық бар екенін хабарлады.