ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2026

Таразда Жамбыл Жабаев ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

0

Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай тау тұлғаның облыс орталығы – Тараз қаласындағы еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Тағылымды іс-шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, облыстық және қалалық мәслихаттардың, қоғамдық және ардагерлер кеңестерінің төрағалары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен белсенді жастар қатысты.

Жиналған жұртшылық жыр жампозының рухына тағзым етіп, оның ел бірлігі мен ұлттық рухты асқақтатудағы айрықша орнын ерекше атап өтті.

Айта кетейік, бүгінде облыс аумағында 1 аудан, 4 ауылдық округ, 4 елді мекен, 1 даңғыл, 81 көше және 9 білім беру ұйымына Жамбыл Жабаевтың есімі берілген.

Сообщение Таразда Жамбыл Жабаев ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.