ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2026

Қазгидромет 28 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды

0

Қазгидромет 28 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның солтүстігі мен орталығында аяз, ал оңтүстікте жауын-шашын мен тұман болжанады. Күндіз күн жылынады.

Елдің батысында кей жерлерде жаңбыр мен қар жауады, сондай-ақ, бірқатар өңірде көктайғақ пен екпінді жел болжанып отыр.

Астана - құбылмалы бұлтты, күндіз аздаған қар жауады. Жел солтүстік-батыстан шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 32-34 градус аяз, күндіз 16-18 градус аяз.

Алматы - бұлтты, қар жауады, түнде кей уақыттарда қалың қар түседі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан, секундына 3-8 метр, кейде екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 7-9 градус аяз, күндіз 3-5 градус аяз.

Шымкент - құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей уақыттарда тұман. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 метр, түнде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 7-9 градус жылы.

Түркістан - құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей уақыттарда тұман. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 метр, түнде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы.

Қонаев - құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең қар, тұман, көктайғақ, бұрқасын. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 метр, кейде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 15-17 градус аяз, күндіз 8-10 градус аяз.

Талдықорған - бұлтты, түнде және таңертең қар жауады. Жел солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 19-21 градус аяз, күндіз 9-11 градус аяз.

Қызылорда - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 14-16 градус аяз, күндіз 6-8 градус аяз.

Тараз - құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең қар жауады. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 8-10 градус аяз, күндіз 4-6 градус аяз.

Ақтау - бұлтты, күннің екінші жартысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Жел шығыстан 9-14 метр, екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.

Атырау - ашық, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 6-8 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.

Орал - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 16-18 градус аяз, күндіз 4-6 градус аяз.

Ақтөбе - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел бағыты құбылмалы, секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 17-19 градус аяз, күндіз 4-6 градус аяз.

Қарағанды - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 30-32 градус аяз, күндіз 18-20 градус аяз.

Жезқазған - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, секундына 6-11 метр. Ауа температурасы түнде 21-23 градус аяз, күндіз 8-10 градус аяз.

Қостанай - құбылмалы бұлтты, аздаған қар. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 23-25 градус аяз, күндіз 14-16 градус аяз.

Көкшетау - құбылмалы бұлтты, аздаған қар. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 26-28 градус аяз, күндіз 17-19 градус аяз.

Петропавл - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан шығысқа ауысады, секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 25-27 градус аяз, күндіз 18-20 градус аяз.

Павлодар - құбылмалы бұлтты, аздаған қар. Жел батыстан секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 26-28 градус аяз, күндіз 20-22 градус аяз.

Семей - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 33-35 градус аяз, күндіз 18-20 градус аяз.

Өскемен - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 1-6 метр. Ауа температурасы түнде 33-35 градус аяз, күндіз 22-24 градус аяз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!