Күйеуін Қытайдан "құтқарған" Оралхан тағы да түрмеге сабылып жүр
45 жастағы Оралхан Әбен үшін кейінгі 9 жыл сергелдеңге толы. 2017 жылы күйеуі Тұрсынбек Қабиұлы Қытайда қамауға алынды. 1,5 жыл тоқтаусыз арызданудан кейін елге оралған Тұрсынбек былтыр қарашадан бері Қазақстанда істі болып жатыр.
