ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22
23
24
25
26
27
28

Дональд Трамп Криштиану Роналдуға үн қатты

0

АҚШ президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубының футболшысы және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдуға үн қатты. TikTok-та жарияланған видео 1 миллионнан аса қаралым жинаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видеода Дональд Трамп Роналдуға үн қатады.

"Роналду, сен – тарихтағы ең ұлы футболшысың. АҚШ-қа керексің. Қазір-ақ жолға шық. Сен бізге дәл қазір қажетсің", – дейді Трамп.

Видео әрі қарай жасанды интеллект көмегімен жасалған әзіл видеомен жалғасады. Онда Трамп пен Роналду доппен ойнап тұрғаны көрсетілген.

@realdonaldtrump
A MESSAGE FROM ONE GOAT TO ANOTHER♬ original sound - President Donald J Trump

Әйгілі футболшы бұл "ұсынысқа" әзірге жауап берген жоқ.
Еске салайық, жуырда Сауд Арабиясы чемпионатының 22-туры аясында өткен "Әл-Наср" – "Әл-Фатх" матчінде 5 ақпанда 41 жасқа толған португалиялық ойыншы 18-минутта гол соғып, есеп ашқан. Тарихи 1000 голдық межеге жету үшін оған әлі 38 гол керек.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!