ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28

Дональд Трамп барлық елге 10 пайыз қосымша баж салығын енгізді

0

АҚШ президенті Дональд Трамп барлық елден әкелінетін тауарларға 10 пайыз қосымша кедендік баж енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РБК-ға сілтеме жасап.

"Ақ үйде жаңа ғана барлық ел 10 пайыз жаһандық баж салығын енгізу туралы құжатқа қол қойдым. Ол бірден күшіне енеді", – делінген жазбада.

Трамп бұл бастаманы бұған дейін АҚШ Жоғарғы соты 2025 жылғы сәуірде енгізілген жаһандық тарифтерді заңсыз деп танығаннан кейін жариялаған.
Ақ үйдің нақтылауынша, 10 пайыз қосымша баж 24 ақпанда (АҚШ-тың шығыс уақытымен 00:01-де) күшіне еніп, 150 күн бойы қолданыста болады.
Құжатта "прокламация АҚШ-қа импортталатын тауарларға 150 күнге 10 пайыз қосымша импорттық баж енгізеді" деп көрсетілген.
Еске салайық, 20 ақпанда АҚШ Жоғарғы соты Трамптың төтенше жағдай туралы заңға сүйеніп енгізген тарифтері қолданыстағы заңнамаға қайшы деген шешім шығарған. Сот президент бұл заңды пайдалану арқылы өкілетін асыра қолданған деген қорытындыға келген.
Кейін Трамп барлық баж салығы "күшінде қала береді" деп мәлімдеді. Сондай-ақ, ол сот шешімін қатты сынап, оны "ұят" деп және өзінде "балама жоспар" барын айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!