Қазақстанда күн күрт суытады
"Қазгидромет" синоптиктері 21, 22 және 23 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның басым бөлігінде циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен түрлі қарқынмен жауын жауады: солтүстік және шығыс өңірлерде қар жауып, кей жерлерде қалың қар жаууы мүмкін. Ал оңтүстік облыстарда негізінен жаңбыр болжанады. Сонымен қатар, екпінді жел күшейіп, боран соғып, көктайғақ пен тұман байқалады.
Циклоннан кейін Қазақстанның батыс аймақтарына Ресейдің Еуропалық бөлігінен антициклон тарайды. Соның салдарынан жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді:
батыс облыстарда түнде -10…-22° дейін,
солтүстік облыстарда түнде -17…-25° дейін,
оңтүстік облыстарда түнде -0…-8° дейін.
Синоптиктердің мәліметінше, 23 ақпаннан бастап елдің солтүстік-батысында, 24 ақпаннан бастап солтүстікте, шығыста және орталық өңірлерде ауа температурасы -25…-37° дейін күрт төмендейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
