ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Алматыда +23 градус: 5 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды

0

19 ақпанда Алматыда ауа райы ерекше жылы болды. Қалада ауа температурасы +23 градусқа дейін көтерілді. Синоптиктер мұндай көрсеткіш ақпанға тән емес екенін айтып, қалада температура рекорды жаңарғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазгидромет" мәліметінше, Алматыда ақпанда мұндай жылы күн кейінгі рет 2021 жылы тіркелген – ол кезде +16,3 градус болған.

"Алматы метеостанциясында +22,8 градус тіркелді. Бұл - жаңа температуралық рекорд. Абсолют максимум жаңартылды", - деді синоптиктер.

Алайда мегаполиске келген жылымық ұзаққа созылмайды. 20 ақпаннан бастап ауа температурасы қайта төмендейді: жұмада күндіз +12…+14, түнде +4…+6 градус болады. Сенбі, 21 ақпанда күндіз +7…+9, түнде +3…+5 градусқа дейін төмендейді. Жексенбі, 22 ақпанда түнде ауа температурасы 0…-2 градусқа түсіп, күндіз +8…+10 градусқа дейін жылынады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!