ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Қан тамырларын нығайтатын қолжетімді өнім аталды

0

Шоколадты мөлшермен тұтынсаңыз, жүрек-қантамыр көрсеткіштері жақсаруы мүмкін. Сондай-ақ, бұл өнім бауырдың майлану ауруының қаупін төмендетуі ықтимал. Мұндай қорытындыға Бразилиядағы Марилия университетінің ғалымдары келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Gazeta.Ru-ға сілтеме жасап.

Зерттеу авторлары жүрек-қантамыр аурулары мен бауырдағы бұзылыстардың даму тетіктері ұқсас екенін айтады. Олар көбіне созылмалы қабыну, тотығу стресі, май мен көмірсу алмасуының бұзылуы сияқты факторлармен байланысты.

Шолуда какао құрамындағы өсімдік текті қосылыстар, әсіресе эпикатехин мен катехиндер, осы процестерге ықпал ете алатыны көрсетілген. Олар азот тотығының (NO) ағзада тиімді пайдаланылуын арттырып, эндотелийдің жұмысын жақсартады және қабынуды күшейтетін сигналдардың белсенділігін төмендетеді.

Бірқатар клиникалық зерттеуде шоколадты қалыпты мөлшерде жеу "жақсы" холестерин деңгейінің көтеріліп, жалпы холестериннің төмендеуімен байланыстырылған. Сонымен қатар, қан қысымының тұрақтануы, тамыр қызметінің жақсаруы, қабыну көрсеткіштерінің азаюы және бауыр жасушаларының зақымдану белгілерінің азаятыны туралы деректер келтірілген.

Дегенмен ғалымдар зерттеулердің басым бөлігі қысқа мерзімді болғанын атап өтеді. Сондай-ақ, олардың көбінде какао мен флаванол мөлшері жоғары шоколад қолданылған, яғни кәдімгі тәтті кондитерлік өнімдер емес.

Қара шоколадтың инфаркт қаупін тікелей азайтатыны немесе бауыр ауруларының асқынуын тоқтататыны жөнінде дәлел әлі жеткіліксіз. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!