Навальный неден қаза болды? Тәуелсіз зертханалар зерттеу нәтижесін жария етті
Ұлыбритания, Швеция, Франция, Германия және Нидерландта орналасқан тәуелсіз зертханалар Ресей оппозициясының жетекшісі Алексей Навальныйдың өліміне қатысты зерттеудің нәтижесін жариялады. Ақпаратқа қарағанда, саясаткер түрмеде эпибатидин – Оңтүстік Американы мекендейтін бақаның уынан қайтыс болған.
