Ақтауда бір ай бұрын жоғалып кеткен 38 жастағы әйел өлі табылды
Әлеуметтік желілерде биыл 30 қаңтарда жоғалып кеткен 38 жастағы Ақтау тұрғынының қаза тапқаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция департаменті әйелдің қаза болғаны туралы ақпаратты растады.
Өлімнің нақты себебі, сондай-ақ зорлық-зомбылық белгілерінің бар-жоғы сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша анықталады. Құқық қорғау органдары соңғы қорытындыларды кейінірек жариялайтындарын мәлімдеді.
Ақтау тұрғыны 30 қаңтарда 35-шағынауданда орналасқан үйінен шығып, із-түзсіз жоғалған. Полиция қызметкерлері тәулік бойы іздеу жұмыстарын жүргізген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
