Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан олимпиада чемпионы болды
Миландағы қысқы олимпиадада қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров чемпион атанды. Қазақстан спортшысы қос бағдарламада 291.58 ұпай жинады. Бұл оның жеке рекорды.
Шайдоровтың басты қарсыластары Илья Малинин (АҚШ), Юма Кагияма (Жапония) негізгі бағдарламаларын таза орындай алмады.
Бұл - Қазақстанның қысқы олимпиадада ұзақ күткен алтыны. 2014 жылғы Олимпадада Денис Тен Қазақстанға қола медалін алып берген.
Шайдоров былтыр әлем чемпионатында күміс, Төрт құрлық чемпионатында алтын алған еді. Енді жүлделерінің санатына олимпиада алтынын қосты.
