ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Ернар Айдардың видеосынан жол ережесін өрескел бұзғаны байқамалмады - полиция

0

Танымал әнші Ернар Айдар видео түсіріп, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған еді. Кейін ол жүргізуші куәлігінен айырылмай, тек айыппұлпен құтыла салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео
Видеода әншінің көлігі қос тұтас сызықты кесіп өтіп, қозғалыс жолағына қарсы шыққаны байқалады.

Полиция әншіге қатысты үш әкімшілік хаттама толтырғанын хабарлады. ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оған мына баптар бойынша айып тағылған:

615-бап, 1-бөлік - жаяу жүргіншілер және өзге де жол қозғалысына қатысушылардың жол ережесі талаптарын орындамауы;597-бап, 1-бөлік - көлікті тоқтату немесе қою қағидаларын бұзу (оның ішінде электр қуаттау станциясы бар орындарда);601-бап, 1-бөлік - жол белгілері немесе жолақ (разметка) талаптарын сақтамау.

Осы шешім көпшіліктің күмәнін тудырды. Оқырмандардың бір бөлігі мұндай әрекет үшін жүргізуші куәлігінен айыру қарастырылған деп есептейді.
Еске салайық, ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігіне сәйкес, ереже бойынша тыйым салынған жағдайда қарсы жолаққа шығу 6 айға жүргізуші құқығынан айыруға әкелуі мүмкін.ІІМ не дейді?
Редакция ІІМ-нен "Неге Ернар Айдарға 596-баптың 3-бөлігі қолданылмады?" деген сауал жолданды. Ведомство мәліметінше, материалдарды қарау барысында бұл бапқа сай құқықбұзушылық белгілері анықталмаған.

"Қарсы қозғалыс жолағына шығу дерегі немесе осы бапқа кіретін басқа да бұзушылықтар тіркелмеді", - деп түсіндірді ІІМ.

Әнші қанша айыппұл төлейді?
Жалпы айыппұл сомасы нақты айтылмады. Дегенмен хаттама қай баптармен толтырылғаны белгілі болғандықтан, айыппұлды шамалап есептеуге болады:

тоқтау/тұрақ ережесін бұзу - 5 АЕК;жол белгілері немесе разметка талаптарын сақтамау - 3 АЕК;өзге қатысушылардың жол ережесі талаптарын орындамауы - 2 АЕК.

Барлығы: 10 АЕК. 2026 жылы бұл 43 250 теңге.
Тұтас сызықты кесіп өткені үшін жазадан қалай құтылуға болады?
Егер тұтас сызық анық көрінбесе, айыппұлды даулауға мүмкіндік бар. ӘҚБтК-нің 741-бабы 2-бөлігіне сай, егер жолақ:

өшіп қалған болса,нашар көрінсе,
МемСТ талаптарына сай болмаса,

онда іс тоқтатылуы мүмкін, өйткені құқықбұзушылық құрамы болмайды.
Сондай-ақ, 2024 жылғы 6 мамырдан бастап Қазақстанда жаңартылған жол ережелері күшіне енгені еске салынды: онда бір тұтас сызықты кесіп өту де әкімшілік құқықбұзушылық ретінде қарастырылып, кей жағдайда 596-бап бойынша 6 айға дейін жүргізуші құқығынан айыруға дейін алып келуі мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!