ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

ҰҚК Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталғанын растады

0

ҰҚК Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство өңір басшысының орынбасары ұсталды деген ақпаратқа қатысты редакция сауалына жауап берді. Бұған дейін кейбір Telegram-арналарда облыс әкімінің орынбасары Гүлбарам Мұсағазина ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды деген ақпарат тараған еді.

"Қазір соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", - делінген ҰҚК-нің жауабында.

Айта кетейік, Гүлбарам Мұсағазина Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметіне 2024 жылғы шілдеде тағайындалған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!