ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Сенсация жасаған Михаил Шайдоров туралы не белгілі?

0

Қазақстандық Михаил Шайдоров Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы жеке сырғанаудан алтын медаль жеңіп алды. Қазақстан тарихында мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш спортшы туралы не белгілі? Tengrinews.kz материалында.
Қысқа бағдарламадан кейін Михаил Шайдоров 5-орында болған, алайда еркін бағдарламаны мінсіз орындап, жалпы 291,58 ұпай жинап, қарсыластарын басып озды. Екінші орынға Жапония өкілі Юма Кагияма, ал үшінші орынға тағы бір жапониялық Шун Сато ие болды.
Михаил Шайдоров туралы не белгілі?
Қазақстанда мәнерлеп сырғанаудан көшбасшысы атанған Шайдоров 2004 жылы Алматыда дүниеге келген. Бала күнінде спортқа әкесінің арқасында келген, ал 2018 жылдан бері оның тәлімгері - Олимпиада чемпионы Алексей Урманов.
2022 жылы Шайдоров жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль алды: ол тек Илья Малининге ғана жол берді, әрі қысқа бағдарламадан кейін 8-орында тұрған. Үш жылдан соң осы жағдай ересектер арасындағы әлем чемпионатында да қайталанды, Шайдоров тағы да күміске қол жеткізді, ал америкалық спортшы чемпион атанған.
Бұдан бөлек, Шайдоровтың еншісінде Төрт құрлық турниріндегі жеңіс және Денис Тен мемориалындағы екі алтын бар.
Фото: ҰОК / Сали Сабиров
Айта кетейік, ресейлік БАҚ кейде Шайдоровты "бұрын Ресей азаматы болған" деп атап жатады. Бірақ бұл ақпаратты спортшы да, ұлттық құраманың бас бапкері Асем Қасанова да жоққа шығарған.

"Нақтылай кетейін. Миша Алматыда туған. Біз оның әкесі Станислав Шайдоровпен және өзге балалармен бірге Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Адольф Киреевтің қарамағында Алматыдағы №6 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттыққанбыз", - деп атап өткен ол Tengri Sport-қа берген сұхбатында.

Михаил Шайдоровтың бұл алтыны - Қазақстан тарихындағы қысқы Олимпиададағы екінші алтын. Алғашқысы 1994 жылы шаңғышы Владимир Смирнов жеңіп алған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!