ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

WSJ: АҚШ Иранға жасырын түрде мыңдаған Starlink терминалын жіберген

0

Иран билігі қаңтарда үкіметке қарсы наразылықты күштеп басып-жаншығаннан кейін АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі Иранға мыңдаған Starlink терминалын жіберген. Бұл жөнінде америкалық шенеуніктерге сүйенген The Wall Street Journal басылымы жазды.

Ақ үй осылайша наразыларды интернетпен қамтамасыз етуге тырысқан. Иран билігі қаңтардың басынан бері елде интернетті өшіре бастаған еді. Қаңтарда Иран билігі интернетті өшіріп, құқық қорғаушылардың есебінше мыңдаған адамды өлтіргеннен кейін АҚШ контрабандалық жолмен елге 6 мың шақты спутниктік интернет кешенін әкелген. Осылайша Иранға алғаш рет Starlink жүйесі тіке жеткізілген.

WSJ дереккөзінің айтуынша, АҚШ мемлекеттік департаменті алдыңғы айлары 7 мыңға жуық Starlink терминалын сатып алған және басым бөлігі қаңтарда алынған. Басылым дереккөзінің дерегінше, президент Трамп одан хабардар, бірақ бұл жоспарды тіке өзі мақұлдады ма, жоқ па, ол жағы белгісіз.

Тегеран Вашингтонды наразылықты қасақана өршітті деп айыптаған.Бірнеше аптаға созылған наразылыққа инфляцияның күрт шарықтауы, ұлттық валютаның құнсыздануы себеп болған. Дональд Трамп Иран билігі наразыларды дарға асса, соққы жасайтынын айтып сес көрсеткен.