Тұман мен су басу қаупі: 16 өңірдің тұрғындарына ескерту жасалды
"Қазгидромет" 13 ақпанда 16 өңірдің тұрғындарына ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
13 ақпанда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-шығыс желі соғады, түнде батысында және оңтүстігінде жел екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болжанады. Солтүстік-шығыс және шығыс желі соғып, түнде солтүстігі мен оңтүстігінде екпіні 15 м/с болады.
Маңғыстау облысында түнде батысы мен оңтүстігінде көктайғақ болады, ал оңтүстігі мен орталығында тұман болады. Оңтүстік-шығыс желі соғып, күндіз оңтүстігінде, батысында және орталығында жел екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында тұман болады. Оңтүстік-батыс желі соғып, солтүстігінде екпіні 15–20 м/с болады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында және шығысында тұман болжанады.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аймақтарда қар, кей уақытта қалың қар жауады. Сондай-ақ тұман мен көктайғақ болады.
Шығыс желі соғып, солтүстігінде және таулы аймақтарда екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Шымкентте уақытша жауын-шашын (негізінен жаңбыр), көктайғақ және тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыс желі соғып, күндіз батысында және оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман болжанады.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман болады. Оңтүстік-шығыс және шығыс желі соғып, Аягөз ауданында жел екпіні 15–20 м/с болады.
Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман күтіледі.
Жамбыл облысында түнде таулы аудандарда қатты қар жаууы мүмкін, кей уақытта тұман мен көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыс желі соғып, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жел екпіні 15–20 м/с, түнде 23 м/с-қа дейін жетеді.
Ақмола облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс желі соғып, солтүстігінде екпіні 15–18 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыс желі соғып, батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жел екпіні 15–20 м/с болады.
Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қалың қар жауады. Батысында, оңтүстігінде және таулы аймақтарда көктайғақ, ал солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы өңірлерде тұман болады. Солтүстік-шығыс желі соғып, оңтүстігінде және таулы аудандарында екпіні 15–20 м/с болады.
Алматы қаласында кей уақытта көктайғақ пен тұман болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
