ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Алматыда қылмыстық топтың 11 мүшесі ұсталды - видео

0

Алматыда қала мен облыс аумағында интернет арқылы заңсыз есірткі айналымына қатысты әрекет тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полиция мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қылмыстық топтың 11 қатысушысы, оның ішінде ұйымдастырушылар, операторлар және заңсыз қызметті қаржылай сүйемелдеген тұлғалар ұсталды.
Заңсыз айналымнан шамамен 3 келі синтетикалық есірткі заттары, сондай-ақ, қылмыстық схеманы үйлестіру үшін пайдаланылған байланыс құралдары, банк карталары және цифрлық тасымалдағыштар тәркіленді.

Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Интернет арқылы есірткі сататын дүкендер мен есірткі өткізудің заңсыз арналарының жолын кесу бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!