ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Астанада күн жылиды, ал Алматыда қар аралас жаңбыр жауады

0

Синоптиктер Астанада және Алматыда 13, 14 және 15 ақпанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада ауа райы қандай болады?

13 ақпан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 3–8 м. Ауа температурасы түнде -26…-28°, күндіз -12…-14°.

14 ақпан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен секундына 2–7 м. Ауа температурасы түнде -21…-23°, күндіз -9…-11°.

15 ақпан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 2–7 м. Ауа температурасы түнде -20…-22°, күндіз -5…-7°.

Алматыда ауа райы қандай болады?

13 ақпан: көшпелі бұлтты, кей уақытта қар жауады, тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан секундына 2–7 м. Ауа температурасы түнде -4…-6°, күндіз 0…+2°.

14 ақпан: көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан секундына 3–8 м. Ауа температурасы түнде -1…-3°, күндіз +1…+3°.

15 ақпан: көшпелі бұлтты, түнде қар. Кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан секундына 3–8 м. Ауа температурасы түнде -1…-3°, күндіз +3…+5°. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!