ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Құмар ойынға тәуелді бухгалтер қомақты ақшаға бәс тігіп, жаңа көлік алған

0

Батыс Қазақстан облысында құмар ойынға тәуелді бухгалтер 100 миллион теңгеден аса ақшаға бәс тігіп, жаңа көлік алғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Прокуратураның мәліметінше, БҚО-дағы мемлекеттік кәсіпорындардың бірінде аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталған. Алдын ала дерек бойынша, ойынқұмарлыққа салынған қызметкер компанияның қаражатын 1XBet букмекерлік кеңсесінде құмар ойындарға салған. Сондай-ақ, жымқырылған ақшаның бір бөлігін жаңа көлік сатып алуға жұмсаған.

Мемлекетке келтірілген жалпы шығын - 118 миллион теңге.

Өзгенің мүлкін аса ірі мөлшерде заңсыз иемдену дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен соталды тергеп-тексеру басталды. Тергеуді арнайы прокурорлар жүргізіп жатыр. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынып, тергеу изоляторында отыр. Сатып алынған автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Қадағалау органы 2025 жылы өңірде прокурорлық ден қою актілері негізінде әртүрлі мемлекеттік органдардың 16 қызметкері құмар ойындарға қатысқаны үшін жұмыстан шығарылғанын еске салды.

Еске салайық, бұған дейін Астанада TikTok-та аккаунт ашып, өзін емші ретінде алдаған ер адам сотталған еді. Ол 5,5 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырған. Бұл ақша да букмекерлік кеңседегі бәс тігуге жұмсалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!