ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

-33 градус аяз: Қазақстанда күн күрт суытады

0

Қазгидромет синоптиктері 12, 13 және 14 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен жауын-шашынсыз болады.

"Тек республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі, кей жерлерде жауын-шашын күшейеді", – деді синоптиктер.

Еліміз бойынша жел күшейеді, тұман күтіледі, ал оңтүстікте және оңтүстік-шығыста көктайғақ, боран соғуы мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!