ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Қысқы Олимпиада-2026: 11 ақпандағы жарыс кестесі

0
Бүгін, 11 ақпанда, Қазақстан спортшылары Италияның Милан және Кортина қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының бағдарламасы бойынша екі спорт түрінде бақ сынайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін қазақстандықтар арасынан алғашқы болып шаңғы қоссайысынан Шыңғыс Рақпаров жарыс жолына шығады: 14:00-де ол үлкен трамплиннен секіру сынында өнер көрсетеді, ал 17:45-те жарысқа қатысады.
Фристайл-могул спортшылары Анастасия Городко, Аяулым Әмренова және Юлия Галышева 15:00-де екінші іріктеуде финалға жолдама үшін таласады. Егер келесі кезеңге өтсе, 18:15-те финалда жүлде үшін жарысады.
Сондай-ақ, 18:15-те 15 шақырымдық жеке жарысқа биатлоншылар Айша Рақышева мен Милана Генева қатысады.
Жарысты Qazaqstan, Qazsport, Хабар және Jibek Joly телеарналарынан көруге болады.












Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Olympic Team (@olympickz)


Бұған дейін Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаудағы көшбасшысы Михаил Шайдоров Италиядағы Олимпиадада қысқа бағдарламадан кейін бесінші орынға тұрақтаған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!