ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Алдағы күндері -30 градусқа дейін аяз болады

0

"Қазгидромет" синоптиктері 10, 11 және 12 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Қазақстанның басым бөлігінде батыстан келетін циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын күтіледі.10–11 ақпанда елдің солтүстігі, солтүстік-батысы, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және орталығында, ал 11 ақпанда шығыс өңірлерде қатты жауын-шашын жаууы мүмкін.
Республика бойынша көктайғақ, боран, екпінді жел болжанады.
Температура қалай өзгереді?
Батыс антициклонының ықпалы күшейіп, жауын-шашын тоқтап, күн суытады деп күтіледі:

Солтүстік, солтүстік-батыс және орталықта түнде –22…–30°С, күндіз –15…–20°С дейін төмендейді;Шығыста түнде –13…–23°С, күндіз –12…–20°С;
Оңтүстікте түнде –10…–20°С, күндіз –5°С-тан +5°С-қа дейін.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстан бойынша ақпанға арналған жаңартылған болжамды да ұсынған еді. Мамандардың айтуынша, ақпан әдеттегіден жылырақ, жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейде болады. Ел аумағының басым бөлігінде орташа температура климаттық нормадан 1–2 градусқа жоғары болады деп күтіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!