Елнұр Бейсенбаев Президент әкімшілігінде қызметке тағайындалды
Елнұр Бейсенбаев Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының өкімімен Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Елнұр Бейсенбаев туралы не белгілі?
Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев (27 маусым 1986, Кентау, Шымкент облысы, Қазақ КСР) - қазақстандық қоғам қайраткері және саяси қайраткер. Қазақстан Парламенті Мәжілісінің VII және VIII сайланым депутаты (2021-), "Аманат" партиясының атқарушы хатшысы (2023).
Өмірбаяны
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Саясаттану" мамандығы бойынша бітірген, 2010 жылы сол жерден саясаттану магистрі дәрежесін алды.
2006-2010 жылдар аралығында "Болашақ" республикалық қозғалысы төрағасының орынбасары, "Жастар үні" журналы бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарған.
2010-2012 жылдары - "Жастар үні" жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
2012-2015 жылдар аралығында Алматы қаласындағы №48 мектеп-лицейде тарих пәнінің мұғалімі, Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Алматы қалалық филиалының хатшысы болды.
2015-2017 жылдары - Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болды.
2019-2020 жылдары - Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі болды.
2020 жылдың 23 қаңтарынан 2021 жылдың қаңтарына дейін "Нұр Отан" партиясы қарамағындағы "Жас Отан" Жастар қанатының төрағасы болды.
2021 жылдың 15 қаңтарынан 2023 жылдың 11 қаңтарына дейін - "Нұр Отан" партиясының (2022 жылдың 1 наурызынан бастап "Аманат" партиясы болып өзгертілді) партиялық тізімі бойынша Қазақстан Парламенті Мәжілісінің VII сайланым депутаты болды.
2023 жылдың 4 қаңтарынан 17 шілдесіне дейін - "Аманат" партиясының атқарушы хатшысы болды.[
2023 жылдың 29 наурызынан бастап - "Аманат" партиясының партиялық тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаты болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
