ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Қазақстан Президенті Исламабадтағы қастандық әрекетті қатаң айыптады

0

Мемлекет басшысы Пәкістанның Президенті мен Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Исламабадтағы лаңкестік актінің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Президент Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шарифке көңіл айтты.

— Қазақстан Президенті қастандық әрекетті қатаң айыптады. Сонымен қатар құрбан болған азаматтар мен жарақат алған адамдардың туған-туыстарын сабырға шақырып, Пәкістан халқының қайғысына ортақ екенін жеткізді, — делінген хабарламада.

Осыдан бұрын Пәкістан астанасы Исламабадтағы шейіттер мешітінің маңында болған жарылыстан кем дегенде 31 адам қаза тапқаны белгілі болды.

Сообщение Қазақстан Президенті Исламабадтағы қастандық әрекетті қатаң айыптады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.