ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Нұрлан Сабуровқа Ресейге кіруге тыйым салынды

0

Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "РИА Новости" басылымына сілтеме жасап.
Мәліметке қарағанда, шешім "ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін" қабылданған. Әзірге Ресейдің ресми мекемелері де, комик те, оның өкілдері де жағдайға қатысты пікір білдірмеді.
БАҚ дерегінше, Сабуров түн ішінде Дубайдан ұшып келіп, Мәскеудегі Внуково әуежайына қонған. Төлқұжат бақылауынан өткен соң, қызметкерлер оны бөлек бөлмеге алып кіріп, Ресейге кіруге тыйым салынғаны туралы ресми құжатты көрсеткен делінеді.
Желіде әуежайдағы ұсталу сәті түсірілген видеолар да пайда болды. Әртіс тыйым туралы Мәскеуге келгеннен кейін, шекаралық бақылаудан өтіп жатқан кезде ғана білген.

Telegram-арналарда құқық қорғау органдарының материалдарында қаржы мәселелер3 де аталғаны: Ресейде тапқан табысты делдалдар арқылы аудару сияқты күмәнді схемалар болуы мүмкін деген болжам келтіріледі. Сондай-ақ, комик Ресей аумағында 60 миллион рубльден асатын мүлкі бар деген ақпарат тараған.
Еске салайық, былтыр мамырда ресейлік басылымдар Сабуровтың Мәскеу маңында қымбат коттеджі мен жер телімі барын жазған. Ол жабық қымбат жерде тұрады, үйдің бағасы шамамен 115 миллион рубль (731 миллион теңгеге жуық) делінген.
Бұған қоса пабликтердің мәліметінше, стендапердің екі көлігі бар:

2018 жылғы Mercedes "Гелендваген" (SBR нөмірі) — шамамен 20 миллион рубль (128 миллион теңге);
2021 жылғы Cadillac Escalade — шамамен 11 миллион рубль (70 миллион теңге).

Айта кетейік, былтыр мамырда Нұрлан Сабуров Шереметьево әуежайында көші-қон ережесін бұзды деген себеппен ұсталған еді: Ресейде рұқсат етілген 90 күндік мерзімнен асып кеткені айтылған. Сол кезде оған екі апта ішінде РФ аумағынан шығып, кейін көші-қон талаптарын сақтап қайта кіру тапсырылған. Telegram-арналар ол уақытта 5,5 мың рубль көлемінде әкімшілік айыппұл салынғанын да жазған.
Нұрлан Сабуров туралы не белгілі?
Нұрлан Әлібекұлы Сабуров 1991 жылғы 22 желтоқсанда Степногорскіде туған. Ол - қазақстандық стендап-комик, жүргізуші, актер әрі медиа тұлға. Кейінгі онжылдықтағы ең танымал орыстілді әзіл-сықақшылардың бірі: ТНТ-дегі Stand Up жобасы арқылы кеңінен танылып, кейін YouTube-тегі "Что было дальше?" (ЧБД) шоуының жүргізушісі ретінде үлкен аудитория жинады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!