ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Қостанай облысында жеке сот орындаушыға шабуыл жасалды

0

Қостанай облысында жеке сот орындаушыға шабуыл жасалды. Оқиғаның мән-жайын Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Палата таратқан ақпаратқа сәйкес, 4 ақпанда алимент бойынша берешегі бар азамат жеке сот орындаушыға шабуыл жасап, сол жақ бет тұсынан жарақаттаған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, шабуылдың себебі - алимент өндіру бойынша атқарушылық әрекеттер және борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тарту. Сот орындаушыға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Шабуылдан кейін борышкер оқиға орнынан қашып кеткен. Кейін құқық қорғау органдары оны ұстады. Оның екі баласына қатысты алимент қарызы 318 326 теңге болды", - делінген палатаның хабарламасында.

Республикалық палата шабуыл дерегін айыптап, оқиға бойынша әділ әрі ашық тергеу жүргізуді және кінәлі адамды заң аясында қатаң жауапкершілікке тартуды талап етті. Сондай-ақ, палата өкілдері қызметтік міндетін атқару кезінде жеке сот орындаушыларына төнетін қауіптің жоғары екенін атап өтті.

"Өкінішке қарай, бүгінде жеке сот орындаушылары мен олардың отбасыларына қызмет барысында денсаулығына зиян келген немесе қаза болған жағдайда әлеуметтік қолдау көрсету тетіктері жоқ. Ал мұндай қолдау мемлекеттік сот орындаушыларына қарастырылған", - деп қосты палатада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!